Бердібек Соқпақбаев «Қайдасың, Гаухар_» - Document to Flipbook
Published on Nov 02, 2026
Description:
Бердібек Соқпақбаев
Қайдасың, Гауһар?
(повесть)
1
Алматының Пастер көшесімен жүре қалсам, осынау астынғы қабаты
белуардан жерге батқан ағаш үйді, осынау бір жағына қарай қыңырайып,
қисая бастаған көне ағаш қақпаны көргенде, менің есіме Гауһар түседі.
Сондағы бастан кешкен уақиғалар тізбектеліп көз алдыма келеді. Жүрегімде
діріл пайда болады.
Біз Гауһармен дəл мына арада кездесіп, танысқан едік. Ол, əне, апа жерде
қақпаға сүйеніп, бізге күлімсірей қарап тұрған. Жұп - жұмыр уыз мойнында
күн нұрына шағылып, жалт -жұлт еткен ұсақ шынжыр баулы əсем
медальон.
Бəрі: көше де, үй де, түбіне шірімес үшін тас орнатып, бағандарды сол
тасқа бұрандалап бекіткен қаракөк ескі қақпа да сол сондағы қалпы. Тек
Гауһар жоқ. Бəрі шын болғанда, Гауһар ғана елес...
Мен осы арадан əрлі-берлі өткен сайын Гауһардың қарасы жарқ ете
қалатындай - ақ қақпадан ішке елегізіп, қарап. өтем. Жоқ, жарқ ете
қалмайды.
О, Гауһар, қайдасың? Барсың ба жер бетінде? Бар болсаң, неге
кездеспейсің? Жоқ əлде ұмыттың ба сен мені? Менің атымды жүрегіңмен
мəңгілікке сызып тастадың ба? Жо, жоқ! Олай болуы мүмкін емес.
2
Соғыс кезі. 1943 жыл. Іске татыр естияр еркек кіндіктінің бəрі дерлік
армияда. Ауылда қатын-қалаш, шал - шабыр, ауру сырқаулар қалған.
Мезгіл жетпей үзілген көк жемістей соғыс бізді, балаларды ерте есейтті.
Əкелеріміз бен ағаларымыздың еңбектегі қаңырап, босап қалған
орымдарына, шамаларымыз келсін, келмесін жарбиын, біз ие болуымызға
тура келді. Қазекем бұндайда «ит жоқта шошқа үреді қораға» дейді.
Сондайлардың біреуі мына менмін. Содан бір ғана жыл бұрын
тоғызыншыны атүсті бітіргеніме, педагогиканың иісі мынау тəмпіш
мұрныма кіріп те шықпайтынына қарамастан, дырдай мұғалім атанып,
өзіміздің ауылда, жеті жылдық мектепте aнa тілінен сабақ берем.
Жаз шықты. Оқу жылы аяқталайын деп қалды. Директорымыз күрк-күрк
жөтелген көксау шал адам. Əлгі бір күні:— Оу, Жəнібек, дайындал. Алматыға бір айлық курсқа оқуға барасың, —
деді.
— Қандай оқу?
— Біліміңді көтеріп қайтасың?
— Мен ғана ма баратын?
— Біздің мектептен Жақан екеуің.
Жақан осында, ол да мұғалім. Математикадан сабақ береді. Маған ұқсап
ол - дағы арнайы педагогтік оқу орнын бітірмеген. Маған ұқсап соғыстың
арқасында мұғалім бола қалған. Екеуміз тəуір жолдаспыз. Ауылдағы осы
күні сүйкенерге қара таппай жүрген басы бос қыз - келіншектерге, кейде
бірлесіп қырындайтын да кездеріміз болады. Жақан менен екі -үш жас
үлкен. Дене бітімі кесек, жалпақ бет, қалың ерін, жүн қабақ, мінез-құлқы
денесіне лайық доғалдау жігіт.
Алматыға оқуға барасың деген хабарды естіп мен қуандым. Қуануымның
бірінші себебі, екінің бірі барып келіп жатқан Алматыны əлі күнге көрмеген
жанмын. Көрсем деп, құштар едім.
Екінші қуанған себебім: осы күні киім - кешек, шүберек жағы ауылда
тып – типыл. Оңайлықпен ештеңе табылмайды. Дүкенге азын – аулақ
бірдеңелер əкелінсе жең ұшынан жалғасып, қолы жеткендер бөлісіп алады.
Ал басқа жұрттың жан сақтап, абиыр жауып отырғаны алыс та болса,
Алматының арқасы. Бір шаршы бөзге дейін ел сонау Алматыдан əкеледі.
Қалаға барып келушілердің айтуынша онда «тəлкөшке» дсйтін бар.
«Тəлкөшкеде» киім кешек, дүние - мүліктен сатылмайтын зат жоқ. Бəрі
сатылады. Тек қалта толы ақшаң болсын.
Ауыл адамдары үшін ақша табудың кəзіргі жолы мынадай: қалаға бір қап
ұн апарып сатса, бір қап етіп ақшаны күреп алады.
Шамасы келгендер ет, май, тірі қой апарып сатады. Дүние-мүлік, киім -
кешекті тең - тең етіп, тиеп əкеледі.
Өмірімде тұңғыш рет барайын деп отырған қалаға менің де құр қол бара
қоймасым белгілі. Сатып, пұл ететін бірдеңелерді, мүмкіндігі болғанша, мен
- дағы қамдап ала бармақпын. Сосын соған мынау сұры кетіп, жұтап жүрген
үсті-басымды біраз бүтіндеп, түзеп кайтсам деймін.
3
Ол кезде біздің Н. ауданынан Алматыға қазіргідей кісі таситын автобус
қатынап жатпайды. Автобус түгіл жүріп жатқан жолшыбай машиналардың
өзі аз кез. Міне сондықтан да қалаға бір барып қайту, бері болғанда, бір топəурешілік те, ары болғанда, естен кетпес азап. Жол жүретіндер чемодан,
қоржын - кешегін арқалап, бірнеше күп жол тосып машина іздеп сандалады.
Машина оңайлықпен табылмайды. Ал табылса, əдетте кузовы толы əрқилы
жүк болады. (Үш жүз шақырым алысқа бос машинаны салдыратып кім
қуаласып?)
— Айналайын, Алматыға барасың ба? Ала кетші? - деп, шофер
атаулының соңында бөлек - салағын арқалап, шұбап жүрген халық.
Не жоқ болса, сол зəру. Не тапшы болса, соның құны аспанда. Əлгідей
бірлі-жарым табыла қалған машиналардың шоферлары, ой бəлсінгіш - ау!
Бір дегеннен дұрыс жауап бермейді. Күні ертең министр болғалы тұрған
адамдай сенімен шекесінен қарап сөйлеседі:
— Мақұл. Ала кетейін, — деген жауапты естігенде, дүниеде сенен
бақытты жан жоқ.
Сосын белгілі. Нағыз арсыз болмасаң, жол ақысына қанша төлеймін деп,
саудаласып жатпайсың. Шофер не айтса, қалтаңнан соны суырып беруге
мəжбүрсің.
Біз, Жақан екеуміз, дүниеге, сірə құтты күні келсек керек. Өйткені,
Алматыға қарай жүретін машина оп-оңай кезіге кетті. Анау-мынау жай
машина емес, азынаған су жана бензовоз еді.
Бұл бензовоз осындағы МТС - ке қаладан жанармай алып келген. Енді
ойнақтап бос қайтып барады. Шофері омырауы жүн-жүн, қутыңдаған жас
армян жігіт.
— Бізді қалаға ала кетесіз бе?
— Е, сендердей əдемі жігіттерді ала кетпей... Нешеусіңдер? Екеу түгіл, он
болсаңдар да алып кетем. Тек ескертерім: кабинадан дəметпейсіңдер.
Кабинаны иемденіп қойды. Анау цистернаның бүкіл үсті сендердің
еріктеріңде.
— Құлап қалмаймыз ба?
— Құлау, құламау ол сендердің тек өздеріңе қатысты мəселе. Ал менің
айтарым: құласаңдар, құлаңдар. Бірақ мерт бола көрмеңдер.
Біз келістік. Цистернаның үстіне пілге мінгендей қодиып: бір қырындап
отырып алдық. Зат, нəрселеріміз қасымызда. Өзіміз қуласақ та солар
құламасын деп, өзімізден бұрын солардың тілеуін тілеп, қолтығымыздың
астына басып алғанбыз.
Ал кеттік! Айдарымыздан жел есіп, астанаға аман-есен келіп жеттік.
Бір айлық білім көтеру курсына осы жолы Жақанның да келуі жəне олекеуміз бірге келуіміз мен үшін бақыт еді. Өйткені, жоғарыда айттым, мен
бұрын дала көрмеген жанмын. Қала жайып білмеймін. Мұнда танитын
ешкімім жоқ.
Ал Жақан бұрын болған қалада. Бір емес, бірнеше рет болған. Қала
жайын, маған қарағанда, азды-көпті біледі.
Екінші біз үшін өте бір маңызды жəйт: осында, Алматыда, Жақанның
немере жеңгесі тұрады. Үйі қаланың қақ ортасы — Пастер көшесінде. Көк
базарға жақын. Қайда барып түсеміз деп қиналмастан Жақан екеуміз міне
осы үйге келіп түстік.
Курс басталуына əлі де бір-екі күн бар. Бұл бір-екі күнді біз базардағы
өзіміздің сауда-саттық ісімізге арнамақпыз. Мен сатуға деп: бір қап ұн, бір
қойдың кепкен етін, төрт-бес кило тоң май алып келгем. Осы шамалы дүние
Жақанда да бар.
Үсті-басымыздың шаңын қағып, жайғасып болғаннан кейін Жақан
екеуміз жақын маңдағы көк базарға барып, ұнның майдың бағасы қанша
екенін біліп, барлау жасап қайттық. Сол арада, базар аланында, қаптап
тұрған есек арбалардың біреуін ерте келіп, енді сататын нəрселерімізді
базарға алып жүрмекшіміз.
Үй иесі Майpa жеңгейдің ұлты татар. Қазақша, орысша, татаршаны үш
тілді араластырып, өзінше «винегрет» тіл жасап сөйлейді. Күйеуі осы кезде
армияда. Ауылдан келген біздің қала жағдайына оралымсыз аңқау түрімізге
қарап, ол енді ақыл бере бастады:
— Сендер бұ нəрселеріңді спекулянттарша килолап, грамдап сатып тұра
алмайсыңдар. Ол үшін бек способный болыш керек. Жуликтер сендердің
сельский екендеріңді анадайдан танып біледі. Лучше мындақ етіңдер:
алатын адам табылса, нəрселеріңді беш - он сом арзан бағаға қотарып,
оптом бірден сатып құтылыңдар. Міне сол тыныш!
Бұл ақыл көкейімізге қона кетті. Өйткені, Жақан да, мен де сауда жасап,
дəніккен жандар емеспіз. Нəрселерімізді қалай сатар екенбіз деп, онсыз да
жүрексініп, қобалжуда болатынбыз.
Қалаға барып келгендер неше түрлі үрейлі сөздер айтып келеді: базар
толы ұры - қары, жегір. Қалтаңдағы ақшаңды көзіңді бақырайтып тұрып,
ұрлап əкетеді. Қалай ұрлағанын білмей, сезбей қаласың дейді. Бұл да
ойымызда бар болатын.
Сөйтіп, міне енді базардамыз. Сататын нəрселеріміздің атын атап, қотара
сатып алатын адам бар ма деп, хабарлап үлгергенімізше, əлекедей жаланған
бірнешеу бізді қоршап та алды.
Мен алам!— Мен алам! — деп, бірін - бірі қаға - соға кимелеп, жалан қаптады.
Қисық жағалы көк жейде, кепке киген, омырауы аңқиып, ашылып кеткен
қолында таяғы бар ақсақ қазақ:
— Доғарыңдар! Тараңдар! Бұл балалар менің жерлестерім. Бəрін мен
алам! Өзім алам — деп басқаларды жасқап, қуып жіберді.
Ақсақ, сірə, тегін ақсақ болмауы керек. Басқалар жым боп, жай-жайына
кете барды. Бір де біреуі оның бетіне қарсы келмеді. Əкелген
нəрселеріміздің бəрін біз соған қотарып беріп тындық.
4
Шаруамызды əуре-сарсаңсыз тез тындырғанға жəне сəтімен
тындырғанға қуанып, Жақан екеуміз танауларымыз желп-желп етіп үйге
келдік. Tөc қалталарымыз əйелдердің төсіндей томпайып шығып кеткен. Ол
ақша. Бұрын бітіп көрмеген пəленбай мың кеп ақша!
Өзім өз боп мұншама мол ақшаға тұңғыш рет ие болуым.
(Ақшадан кəзір құн кетуі, ол енді жай ғана шытырлақ қағаз болып қалуы
бұл басқа мəселе).
— Қалай, менің советім дұрыс болды ма? Оптом бірден сатып
құтылдыңдар ма?
— Сөйттік, Майра апай. Алушы кеп екен. Бір ақсақ қазақ бізді танитын
жерлес болып шықты. Бəрін сол алды.
— Сұр кепка киген, палка ұстаған қазақ па?
— Иə, сол.
Майра апай күліп жатыр:
— О, земляк болмай құрып қалсын. Ол жұрттың бəріне солай дейді.
Бəрімен земляк бола кетеді. Сендердің сельский екендеріңді көріп, танып
тұр ғой. Ол осындағы настоящий кəтта спекулянттың бірі.
Ертең атақты «тəлкөшке» аралайтынымызды, бұйыртса біраз бүтін -
жаңа киімдер алып киетінімізді ойлап, Жақан екеуміз түнде жөнді ұйықтай
да алмай шықтық.
Майра апайдың үйі кең екі бөлме. Қолында бір ғана кішкене қызы бар.
Сонда да болса ол бізден жиренді ме, қайдам, төсекті түнде Жақан екеумізге
сыртқа, жан-жағы ашық верандаға салып берді. Бір тəуірі веранда көше
жақта емес, ауланың ішінде.— Кəзір түн жылы, тоңбайсыңдар. Ешкім трогать етмейді. Қайта таза
ауада крепко -крепко ұйықтайсыңдар,— деген еді. Бірақ олай болмады.
«Крепко - крепко» ұйықтаудың дəл бүгін онша реті келмеді.
Адам жаңа орта, жаңа жайда түнегенде, кейде осылай болады. Тəлкөшке
бұл арадан ол да қашық емес екен. Кешегі өзіміз болған көк базардың
төменгі жағы.
— Ақшаларыңды түгел алмай, жарым - жартысын үйде қалдырып
кетіңдер. Бек сақ болыңдар онда. Қаланың жуликтеріне алданып қалып
жүрмеңдер. Ұры, қары, жулик онда бек көп — деп, Майра апай бұл жолы да
бір топ ақыл айтып жөнелткен.
Иə, тəлкөшке десе, дегендей - ақ екен. Мұншама көп халықтың бір араға
жиналып, сеңдей соғылысқанын бұл менің тұңғыш рет көруім. Əрі
қызықтап, əрі таңырқай қараймын. Ойпырмай, қолдары бос, еріккен
неғылған жұрт мұншама. Бұлардың істейтін қызмет, жұмыстары қайда?
Жоқ əлде жұмыссыздар жинала ма?
Ех, шіркін, осылардың бəрін қуып алып барып, балшықтан адам жасап,
ала алмай отырған біздің колхоздың жұмысына салар ма еді.
Қолына жарқыратып жап-жаңа былғары етік ұстаған жирен шал кезіге
кетті, Менің бір үлкен арманым осы еді —аяғыма бір жөні түзу етік алып
қию еді. Базар тəсілін білмейтін қорбала сорлы басым, енді сəл кешіксем
əлгіні басқа біреу қақшып əкететіндей ентелеп, төніп түстім: Сатасыз ба?
Қанша сұрайсыз?
Шал сəл бөгеліңкіреп қалды: Сізге қай размері керек?
Meн киімді денеме шақтап, мөлшерлеп киіп үйренген жан емеспін.
Əйтеуір табылғанын киетінмін. Ойланып тұрдым да, аяғымның, размерін
есіме əрең түсірдім.
— Отыз тоғызыншы.
— Табылады. Жүр бері.
Шал бізді ертіп, шетке таман шықты. Əлгі арада теректің көлеңкесінде
быршып терлеген жуантық шабдар кемпір отыр екен. Əлгіге бұйырып:
— Əкел отыз тоғызыншыны, — деді.
Көйлегінің етегін кең етіп жайып тастап, кемпірдің жұмыртқа басқан
тауықша жарбая отыруы тегін отырыс емес екен. Астына қымтап басып
алып отырған қабы бар екен. Қаптың іші толы жаңа тігілген етіктер. Кемпір
соларды тез-тез күйбеңдеп ақтарды да, екі етікті алып, шалына ұсынды. Шал əлгілердің табанына қарап көрді де, маған ұсынды:— Міне, отыз тоғызыншы.
Өзіме шақ етік табылғанына мен одан бетер қуандым. Əлгі араға
арықтың жағасына отыра қалып, киіп көріп жатырмын. Аяғымдағы тозығы
жеткен жаман бəтеңкелерімнің біреуінің түйін - түйін бауы шиеленісіп
қалыпты. Əлгіні шеше алмай, азаптанып жатыр едім. Шал отыра қап,
шешісіп жіберді. Оның сырт көзге оралымсыз жуан тұқыл саусақтары өмір
бойы тек осыны — түйін шешуді кəсіп етіп жаттыққандай соншалық епті де,
бейім еді. Етіктер аяғыма шақ келе кетті. Түр сымбаты да сондай əдемі.
Ауылда қолы жеткендер киетін нағыз қисық табан базар етік.
— Шап-шақ. Қатып кеттің! — деп, шал менің ойымды қостап қояды.
— Алам. Айтыңыз, бағасы қанша?
Шал бағасын енді айтты.
«Тəлкөшкедегі» сəудегер заттың дəл сатар бағасын еш уақытта айтпайды.
Бір есе, екі есе өсіріп айтады» деген сөзді ауылда қалаға барып келгендердің
аузынан талай естігем. Соны жобаға алып мен өз бағамды айттым.
Шал саудаласу орнына бірден өңін суытып,
— Шеш!
— Неге?
— Шеш! Бол! Саған етік керек емес. Сенің ақшаң жоқ! Өй, не дейді мына
сайтан! Сенің ақшаң жоқ?
— Неге жоқ? Ақша деген мінекей!
Сөйтсем, кейін білдім, шал əлгі сөзді мені қайрап, əдейі айтады екен ғой.
Екеуміз қайтадан саудаласа бастадық. Жақан тықыршып:
— Өй, жүрші. Етік сататындар тағы кездеседі. Асықпа, асықпай ал, —
дейді.
Дəл кəзір оның сөзін тыңдайын деп жатқан мен жоқпын.
— Сен бұндай етікті бұл базардан таппайсың. Мынаның хромына
қарашы, қандай! Нағыз хром емес пе? — деп, шал мен бірдеңе білетіндей -
ақ етіктің қонышын уқалап, мыжып көрсетеді.
Ақыры тіл табыстық. Етікті мен сатып алдым.
— Игілігіңе ки!—деп, шал қолымды құшырлана қысып жатыр.5
Базар базарлап болдық. Тағы да қуаныштан танауымыз желп-желп етіп,
үйге қайтып келе жатырмыз. Сатып алған киімдерімізді түгелдей киіп,
көшеге шығуға асықпыз. «Паркке барамыз. Мен саған қаланың мынау деген
əдемі, сұлу қыздарын көрсетем» дейді Жақан.
Жалпы қыз атаулыдан, оның ішінде сұлу қыздардан да дəмесіз болмасақ
керек.
— Қала қыздары ауыл қыздары тəрізді ұялшақ емес, — дейді Жақан.—
Кіммен де болса, ашық сөйлеседі. Ал ұнатса, құшақтасып кете барады. Əлі
бір-бірден əдемі қыз тауып алып, қашан кеткенше гөлəйттаймыз.
Жоғарыда аталған былғары етіктен бөлек мен: бір күрең түсті шалбар,
əскердің тік жаға сырт жейдесін, қоқиған сарғыш кепка сатып алғам.
Енді əбден үстіме киіп алған соң байқадым: жейденің екі омырауында,
дəл екі емшектің тұсында тіке тартылған екі тігіс бар. Əлгі тігіс бар жер
жəне томпайып шығып тұрады. Денеме дене боп жатпайды. Бұ несі! Мен
көріп жүрген əскери жейделерде бұндай болмаушы еді ғой.
Майра жеңгей күлкіге қарық:
— Сен вит əйел жейдесін алғансың. Мынау міне əйелдің емшегі тұратын
жер...
Meн таңмын. Əскери жейденің əйелге арналғаны бола ма екен?
— Е, болмай. Осы күні əскерде əйел аз ба? Хамма медик - седиктердің
көбі əйел.
Қап деп, санымды, бір-ақ соқтым, Менің түсінігімде əскери жейдесі тек
еркектер үшін тігіледі.
6
Кеш. Күндізгі ыстық қайтқан. Жақан екеуміз бүгінгі сатып алған
киімдерімізді киіп, өзімізше қатып кеттік деп ойлап, міне енді қалалық
паркке қыз аулауға келіп отырмыз. Халық мұнда бірі ауым. Бəрі дерлік көңіл
көтеруге, сейілдеп бой жазуға шыққан жандар. Екіден, үштен топ болып,
аяқтарын сəндене басқан, Жақан айтқан сұлу қыздар да аз емес. Тағы да сол
Жақан айтқан: ауыл қыздарына ұқсамайтын, кіммен де болса ашық
сөйлесетін қала қыздары.
Мен бұл мəселеде өзімнен гөрі Жақанды тəжірибелі санап:
— Ал баста, — деймін бүйірден түртіп.Нені бастаймын?
— Тиіс мына қыздарға.
Жөппелдемеге келгенде Жақан енді тайқи бастағандай: — Сен тиіс.
Менен гөрі ептірексің ғой, — деп, ыржиып бетіме қарайды.
— Оу, сен қалай тиісуді білесің ғой. Қалаға бірінші келуің емес.
— Асықпа. Кішкене кеш түсіңкіресін.
Жақан екеуміз осылай паркті бірқауым араладық. Бірімізді біріміз
түртпектеп, айдап саламыз. Əншейінде күмпілдеп, мен өйттім, мен бүйттім
дейтін Жақанда нағыз іске келгенде менен асып кеткендей пəлендей өнер
байқалмайды. Қайта, оған қарағанда сөзге өзім ептірекпін бе деп қалам.
— Қарындас, кімді іздеп жүрсіз? Мүмкін, бізді іздеп жүрген боларсыз?
Жақан менен қалмауға тырысады.
— Адасып жүрген жоқсыздар ма? Адасып жүрсеңіздер, жөнге салып
жіберуге болады.
Тиіскен түріміз осы. Қыздар бізге аң көргендей ежірейе қарайды да, өтіп
кете барады.
Ақыры бір-бір сұлу қыз тауып алмақ болған əрекетімізден түк шықпауға
айналды. Əрі жүре-жүре шаршадық. Құр сөзден ештеңе өнбеген соң бірер
қыздың жанынан тақалып өте беpiп, байқамаған боп, қағып, соғып кетуді
шығарған едік. Бұның арты енді тіпті жақсылыққа апармайтындай көрінді.
Бірер қыздан дөрекі сөздер естіп қалдық
Бір қыз тіпті шаңқылдап, милиция шақырмақ боп, есімізді шығарды.
Сосын бүгінгі қыз аулауды осымен доғаруды, бас аман, мал аманда үйге
қайтып, жатып демалуды мақұл көрдік.
7
Пастер көшесінің бойындағы тротуармен келе жатырмыз. Көшенің əр
жерінде бағана бастарына орнатылған электр шамдары. Жүріп жатқан адам
аз. Пəтерімізге, шамасы бір кварталдай қалған еді. Кенет алдымыздағы
қақпадан көшеге қарай сумаң етіп, бір қара мысық жүгіріп өте шықты. Біз
бұған пəлендей мəн бере қоймас едік. Бірақ сол кезде қақпаның түбінен:
— Жігіттер, енді сендердің жолдарың болмайды, — деген сыңғыраған,
нəп-нəзік қыз даусы естілді.
Ала көлеңке жарықтан біз əуелде оны байқамаған едік. Енді тұра қап